Түркияның шетелдегі активтері 4,5 пайыз мөлшерінде артты

Орталық Банк 2016 жылдың соңындағы Түркияның Халықаралық инвестиция позициясы көрсеткіштерін жариялады.

653166
Түркияның шетелдегі активтері 4,5 пайыз мөлшерінде артты

Түркия Республикасы Орталық Банкі тарапынан 2016 жылдың соңына қатысты Түркияның Халықаралық инвестиция позициясы көрсеткіштерін жариялады.

Бұған қарағанда өткен жылдың қараша айында 2015 жылдың соңымен салыстырғанда Түркияның шетелдегі активтері 4,5 пайыз артып 219,7 миллиард долларға өскенде, жауапкершіліктері 3 пайыз азайып, 572,1 миллиард долларға төмендеді.

Бұл кезеңде Түркияның шетелдегі активтері мен шетелге деген жауапкершілігінің айырмашылығы ретінде белгіленген нақты Халықаралық инвестиция позициясы 352,4 миллиард кішірейді. Бұл көрсеткіш 2015 жылының соңында 379,8 миллиард доллар деңгейінде болатын.

Активтердің төменгі тақырыптарына қарағанда резерв активтері 2016 жылдың қараша айында 2015 жылдың соңымен салыстырғанда 3,5 пайыз артып 114,4 миллиард долларға, басқа инвестиция салалары 4,6 пайыз артып 65,9 миллиард долларға өсті. Бұл кезеңде басқа инвестиция тақырыптарынан банктердің шетел валютасы және түрік лирасы тиімділігі мен депозиттері 15,8 пайыз артып, 26,9 миллиард долларға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар