Давос отырысы ертең басталады

Форумға Түркия атынан вице-премьер Мехмет Шимшек және Экономика министрі Нихат Зейбекчи қатысады.

652228
Давос отырысы ертең басталады

Бүкіләлемдік Экономикалық форумның дәстүрлі Давос отырысы 100-ден астам елден шамамен 3 мың адамның қатысуымен ертең басталады.

Швейцарияның Давос қалашығында 17-20 қаңтар күндері аралығында болатын форумға Түркия атынан вице-премьер Мехмет Шимшек және Экономика министрі Нихат Зейбекчи қатысады.

Давоста Сирия дағдарысы секілді әлемдік қантөгістер қолға алынады. Биылғы саммит жаһандық ынтымақтастықты нығайту,  экономикалық өсімді жандандыру,  капитализмді реформалау және 4-ші Индустриялық төңкеріске дайындалу тақырыптары шоғырланады.

Бүкіләлемдік экономикалық форум биылға 86 адамды «Жаһандық жас лидер» деп жариялады. Олардың арасында Түркиядан Бенги Коркмаз және Демет Мутлу атты іскер әйелдер бар.



Ұқсас жаңалықтар