Мексикада бензин бағасының артуына наразылықтар жалғасуда

Президент Энрике Пенья Ньето баршаны тыныштыққа шақырды.

648139
Мексикада бензин бағасының артуына наразылықтар жалғасуда

Мексиканың Мехико қаласында тағы мыңдаған адам шеруге шықты.

Президент Энрике Пенья Ньето баршаны тыныштыққа шақырды.

Ньетоның артудың бензин сатушыларының экономикалық тұрақтылығы мен жанұяларды қинайтындай іске қосылуына рұқсат етпейтіні жөніндегі мәлімдемесі халықты қайтадан көшелерге шығарды.

Ел астанасында мыңдаған ереуілші үкіметтің бензин бағаларына жасаған 20 пайыздық артуды протест етіп, «Ньето отставкаға кет!» деген ұрандар тастады.

Бензин бағалары жарияланған жаңа жылдан бері елде бас қаладан бастап, көптеген қалада шерулер жалғасуда.

Мексикада көптеген жерде ереуілшілер полициямен қақтығысуда, кейде бензин станцияларын талан-тараж етуде.

Шерулерде қазірге дейін 6 адам қаза тауып, мың 600 адам тергеуге алынды.



Ұқсас жаңалықтар