Түрік іскерлер Катарға барады

Сапар барысында сауда-экономикалық қатынастарды арттыру мақсат етіледі.

640002
Түрік іскерлер Катарға барады

Түркия Палаталар және Биржалар Одағы TOBB Шығанақ Ынтымақтастығы кеңесіне мүше елдерге бағытталған істер аясында 17-18 қаңтар күндерінде Катардың бас қаласы Дохаға сапар ұйымдастырады.

TOBB және Катар Сауда және өнеркәсіп палатасы ұйымдастыруымен Катар премьер-министрі Абдуллах бин Насыр бин Халифа әл Санидің қолдауымен жүргізілетін сапар сауданы арттыруды мақсат етеді.

TOBB төрағасы Рифат Хисарджыклыоғлу «Түркия Палаталар және Биржалар Одағы ретінде сауда-экономикалық қатынастардың жетілуі үшін жұмыстанудамыз. Осы үрдісте бір жағынан Шығанақ Ынтымақтастығы кеңесі Палаталар федерациясымен жұмыс істеп,  бір жағынан Шығанақ елдерінің палаталарымен тікелей ынтымақтасудамыз.  Осы аяда Катардағы мүмкіндіктермен танысу мақсатында іскерлерімізге шақыру тастаймын» деді.

Бағдарлама аясында э-сауда, инвестицияларды қаржыландыру,  кәсіпкерлік,  инновация, технологияның арттырылуы және егіншілік тақырыптарында отырыстар өткізілетін «2017 2-ші Шағын кәсіпорындар конференциясы» болады.

Түрік және Катарлық іскерлер екі жақты кездесулерін өткізеді.

Түрік компаниялары қазірге дейін Катарда 13,7 миллиард долларлық барлығы 124 жоба атқарды.



Ұқсас жаңалықтар