Көліктерді қайта шақыруда

BMW қауіпсіздік жастықтарындағы ақау салдарынан 193 мың 611 көлікті кері шақырады.

638221
Көліктерді қайта шақыруда

Германиядағы автомобиль алпауыты BMW қауіпсіздік жастықтарындағы ақау салдарынан Қытайдағы 193 мың 611 көлікті кері шақырады.

Қытай Сапа бақылау және карантин басқармасының хабарламасына қарағанда,  кері шақыру 20015 жылдың 9 желтоқсан және 2011 жылдың 23 желтоқсан күндері арасында BMW Қытай тарапынан сатып алынған 168 мың 861 BMW 120i, 130i, 316i, 320i, 325i, 330i, 335i, X1, X3, X5, X6 және  M3 модельдерін қамтиды.

Айырықша BMW Brilliance тарапынан 2015 жылдың 12 шілде және 2011 жылдың 31 желтоқсан арасында өндірілген 24 мың 750 BMW 320i, 325i және X1 серия көліктердің де кері шақырылғаны атап көрсетілді.

Кері шақыру келесі жылы тамыз айында басталады. Ақауы бар бөлшектер тегін өзгертіледі.



Ұқсас жаңалықтар