Автокөлік секторының қараша айындағы экспорты 17 пайыз артты

Автокөлік секторы қараша айында 2,2 миллиард долларлық экспорт жасады.

623689
Автокөлік секторының қараша айындағы экспорты 17 пайыз артты

Автокөлік секторы қараша айында 2,2 миллиард долларлық экспорт жасады.

Автокөлік секторы қараша айында 16,9 пайыздық артумен 2,2 миллиард долларлық экспорт жасады. Бұл 2008 жылынан осы таңға дейінгі айлық деңгейіндегі ең жоғарғы санақ болып табылады. Сектордың Түркия экспортынан алған үлесі 18,7 пайыз болды. Автокөліктің қаңтар айынан қараша айына дейінгі маусымдағы 11 айлық экспорты да 11,5 пайыз артып, 21 миллиард 530 миллион долларға көтерілді.

Улудаг автокөлік индустрия экспортшылар одағынан жасалған мәлімдеме бойынша қараша айы экспортында сектордың ең үлкен үш базары Германия, Италия және Францияға 65 пайыздық арту байқалды.

Түркия автокөлік индустриясының мемлекеттік тобы деңгейінде ең үлкен базары болған Еуропа Одағына экспорт қараша айында 22 пайыздық артумен 1 миллиард 786 миллион доллар болды.

 



Ұқсас жаңалықтар