Тайванның ең үлкен 3-ші авиация фирмасы жабылады

Тайванның 3-ші үлкен авиация фирмасы «TransAsia Airways», қаржы дағдарысы себепті жабылады.

615549
Тайванның ең үлкен 3-ші авиация фирмасы жабылады

Тайванның ресми хабар агенттігі «Focus Taiwan» жариялаған хабарға қарағанда көбінесе рейстері Қытай, Тайван, Оңтүстік Азия және Солтүстік Азия бағытына ұшатын 65 жылдық авиация фирмасы жабылады.

Фирма өткен жылы 1,16 миллиард жаңа Тайван доллары (шамамен 35 миллион доллар) және биылдың алғашқы ширегінде 2,22 миллиард жаңа Тайван доллары (шамамен 70 миллион доллар) шығынға ұшырады.

Фирма Тайван ішкі бағытында 2014 жылдың шілде және 2015 жылдың ақпан айларында апатқа ұшыраған рейстерінің артынан қаржы дағдарысымен күресе бастады.



Ұқсас жаңалықтар