Исламдық қаржы секторы қолға алынуда

Исламдық қаржы секторы Ислам елдерінде дамытылады.

614819
Исламдық қаржы секторы қолға алынуда

Ислам ынтымақтастық ұйымы экономика және сауда ынтымақтастығы тұрақты комитетінің 32-ші жиналысы «Жоғарғы деңгейдегі мамандар» деген атпен бүгін  Стамбулда басталды.

Министрлер жиналысы болса 23 қараша күні басталады. Бұл жиналыстың  беташарын  Президент Режеп Тайып Епрдоған жасайды.

Биылғы жиналыстың басты күн тәртібі: 2015 жылынан бастап жиыны 2 триллион доллар деңгейіне жеткен, сондай-ақ потенциаль  үлкендігі 7 триллион доллар ретінде межеленген Исламдық қаржы секторы. Сонымен қатар Исламдық қаржы секторының Ислам елдерінде дамытылуы және осы үшін қажетті жұмыстардың істелуі

Даму министрлігі тарапынан ұйымдастырылған жиналысқа 57 мүше және 5 бақылаушы  ел делегацияларымен қатар Ислам ынтымақтастық ұйымы және халықаралық ұйым өкілдері қатысуда. 



Ұқсас жаңалықтар