«Brent» маркалы мұнай кеше 45,97 долларға дейін арзандады

Кеше 45,97 долларға дейін арзандаған «Brent» маркалы мұнай азанда 46,3 / 46,6 доллар деңгейінде нарыққа шықты.

603696
«Brent» маркалы мұнай кеше 45,97 долларға дейін арзандады

«Brent» маркалы шикі мұнайдың баррель бағасы кеше бірінен соң 4 рет арзандап, 45,97 доллардан сатылды. Күннің соңында мұнайдың бағасы 46,31 долларға сәл көтерілді.

«Brent» маркалы мұнайдың баррель басына шаққанда бағасы бүгін 46,3/46,6 доллар деңгейінде.

Батыс Техас маркалы шикі мұнайдың баррель басына шаққандағы бағасы болса кеше 44,38 доллармен 28 қыркүйек күнінен бері ең төменгі деңгейге арзандады. Бүгін болса 44,78 доллардан сатыла бастады.



Ұқсас жаңалықтар