Түрік макароны

Түркия макарон өндірісінде әлемде үшінші орында.

596810
Түрік макароны

Түркия макарон өндірісінде әлемде үшінші орында.

Түркиядағы өндіріс 1 миллион 400 мың тонна.  Түркиядан бұрын Америка Құрама Штаттары мен Италия келеді.

Бүкіләлемдік Макарон конгресі Ресейдің бас қаласы Мәскеуде өтіп жатыр.  Конгреске катысқан Түркия макарон өнеркәсіпшілері қоғамының Атқару комитеті төрағасы Абдулкадир Күлахчывоғлу Түркияның макарон өндірісінде әлем алпауыттары арасында екенін айтты.

Түрік макароны  сапасымен де назар аударады. Себебі бидайдың ата мекені Түркияда ең сапалы бидайдан жасалады. Түркияның макароны қазір 152 елдің дастарханына келеді.

Әлем көлемінде жылына орташа 14 миллиард 278 миллион табақ макарон желінеді екен. Ал бір жылда адам басына шаққанда шамамен 15 келі макарон болады.



Ұқсас жаңалықтар