Ливия түріктерді шақырып жатыр

Ливия Ұлттық келісім үкіметі Қатынас министрі түрік компанияларын елге қайта шақырды.

588145
Ливия түріктерді шақырып жатыр

Ливия Ұлттық келісім үкіметі Қатынас министрі Милад Матук Ливиядағы істерін тоқтатқан түрік компанияларын елге қайта шақырды.

Матук: «Түрік компаниялары Ливиядағы жағдайды бақылап отыр. Елдегі қауіпсіздік жағдайы түрік компанияларының жобаларын қайта бастауына ыңғайлы деңгейге жетті» деді.

Түркияның Триполидегі өкілетті елшісі Ахмет Айдын Доғанмен кездескендерін еске салған Матук кездесуде қатынас саласында қол қойылған келісімдердің қайта іске қосылуы тақырыбын қарастырғандарын айтты.

Министр қауіпсіздік тақырыбында тұрақтылық қамдалып,  бюджет бекітілгенде ел көлеміндегі әуежайлары,  құрлық жолдары мен порттарды қамтыған қатынас жүйесінің жетілдірілуі үшін барлық нәрсенің дайын болатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар