Министр Түфенкчи төңкеріс әрекеті шығынын жариялады

Кеден және сауда министрі орта мерзімде бұл шығынның артуы мүмкін екенін мәлімдеді.

543942
Министр Түфенкчи төңкеріс әрекеті шығынын жариялады

Кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчи Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің түрік экономикасына шығынының алғашқы мағлұматтарға қарағанда 300 миллиард лира екенін жариялады.

Бүлент Түфенкчи бір топ журналистке сұхбат беріп, төңкеріс әрекетінің нарықтарға қалай ықпал еткенін түсіндірді.

Орта мерзімде бүкіл шығындардың анықталатынын атап айтқан Түфенкчи бұл шығынның артуы мүмкін екенін білдірді.

Шетелдегі кейбір тапсырыстар мен сапарлардың кейінге қалдырылғанын атап көрсеткен Түфенкчи туризм саласындағы жағдайдың да жақсаратынын атап көрсетті.

Министр Түфенкчи шетелде аталмыш оқиғаларды түсіндірген таныту бағдарламаларының іске қосылатынын атап, «Біздің елімізде керемет бір тойтарыс хикаясы бар. Мұны дұрыс және жақсы түсіндіруіміз керек. Бұл үшін іскерлер, өнер адамдары, спортшылар, саясат қайраткерлері бірге жұмыстанады. Біз дұрыс ақпарат береміз, олар мұны түсіндіреді» деді.



Ұқсас жаңалықтар