Экономикалық реформалар жалғасады

Вице-премьер Мехмет Шимшек инвесторлармен телеконференция жүргізді.

535009
Экономикалық реформалар жалғасады

Вице-премьер Мехмет Шимшек экономикалық реформаны табандылықпен жүзеге асыруды жалғастыратындарын айтты.

Мехмет Шимшек Түркияда болған оқиғалар және осы оқиғалардың экономикаға әсерін талқылау үшін кеше BGC Partners, Credit Suisse, Goldman Sachs, HSBC және JP Morgan тарапынан бірігіп ұйымдастырылған халықаралық бір инвестиция конференциясына басшылық жасады.  Барлығы екі сағаттық телеконференцияға шамамен 1000 инвестор қатысты.

Шимшек инвесторларға төтенше жағдайдың себебі,  мақсаты және үдерісі жөнінде мәлімет берді. Түркияның үлкен қауіппен бетпе-бет қалғанын, осы бастаманың халықтың күшімен тойтарылғанын еске с алды.

Төтенше жағдай режимінің мақсатының азаматтардың еркіндіктерін шектеу емес, керісінше батылдықпен күрескен түрік азаматтарына лайықты атмосфераны қалыптастыру екенін атап көрсетті.

Вице-премьер «3 айлық Төтенше жағдайдың жалғыз мақсаты мемлекеттік мекемелердің төңкеріс қолдаушылары мен параллель құрылымның мүшелерінен тазалау.  Төтенше жағдайдың күнделікті тұрмыс және бизнес әлеміне жағымсыз әсері болмайды. Үкіметіміз нарық экономикасына деген тәуелділігін жалғастырады» деді.

Нарық экономикасының жұмысын жалғастыратынына назар аударған Шимшек: «Түркияның экономикалық саясаттарын өзгертуін күтпеңіздер. Қаржы тәртібі басымдықтарымыз арасында. Экономикалық реформаны жүргізуімізді жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар