Түрік зәйтүні мен зәйтүн майы Канадада таныстырылды

Зәйтүн мен зәйтүн майын Таныстыру комитеті «SIAL Canada» азық-түлік көрмесіне қатысты.

474662
Түрік зәйтүні мен зәйтүн майы Канадада таныстырылды

Түрік зәйтүні мен зәйтүн майы Канадада таныстырылды.

Зәйтүн мен зәйтүн майын Таныстыру комитеті Түркияның зәйтүн және зәйтүн майы экспортын арттыру үшін Канаданың Монреаль қаласыңда 13-15 сәуір күні өткен «SIAL Canada» азық-түлік көрмесіне қатысты.

Комитет төрағасы Кадри Гүнеш Еуропа мен Азияның түрлі елдерінен ірі компаниялар қатысқан көрмеде түрік зәйтүн және зәйтүн майына деген ықыластың көп екенін білдірді.

Көрмеде 60 елден шамамен 850 компания орын алды. Түркияның павильонына Канада, Америка Құрама Штаттары, Аргентина, Бразилия, Қытай, Италия, Испания және Ирак сынды дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген компаниялар келді.

Өткен жылы барлығы 220 миллион доллар зәйтүн және зәйтүні майы сатып алған Канададағы нарық үлесін арттыруды мақсат еткендерін білдірген Гүнеш Канаданың түрік зәйтүн және зәйтүн майы нарығы тұрғысынан әлеуеті жоғары екенін айтты.

Түркия Канадаға 2014-15 жылдары 812 мың долларлық зәйтүн майы, 903 мың долларлық зәйтүн экспорттады.



Ұқсас жаңалықтар