Диярбакырдан жаңа рейстер

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Диярбакырдан Эрбиль және Никосияға басталатын рейстерді сүйіншіледі.

463114
Диярбакырдан жаңа рейстер

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Диярбакырдан Эрбиль және Никосияға басталатын рейстерді сүйіншіледі.

Диярбакырдан Эрбильге тіке рейстердің 10 сәуір күні, Никосияға болса 1 мамыр күні басталатынын айтқан премьер-министр:

«Диярбакыр, Эрбиль, Никосия достық үштігін құрамыз» деді.

Рейстердің символикалық маңызы бар екенін атап көрсеткен Давутоғлу: «Диярбакырдан сырттағы күрд бауырларымызға және сырттағы түрік бауырларымызға рейс бастаймыз. Бұл да бауырластықтың символы ретінде Диярбакырды аймақты күшке айналдырады. Күрдтер біздің қандасымыз. Осылайша түріктер мен күрдтердің бауырластығын көрсететін Эрбиль, Диярбакыр, Никосия арасында достық көпірін құрамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар