Жапон үкіметі Транс-Тынық Мұхит Ортақтығы келісімін бекітті

Жапония Тынық Мұхитқа жағалауы бар 12 ел арасындағы сауда шектеуін жоюды қамтыған келісімінді бекіткенін жариялады.

446686
Жапон үкіметі Транс-Тынық Мұхит Ортақтығы келісімін бекітті

Жапония Тынық Мұхитқа жағалауы бар 12 ел арасындағы сауда шектеуін жоюды қамтитын «Транс-Тынық Мұхит Ортақтығы келісімін» бекітті.

Ресми хабар агенттігі Кйодо Синдзо Абэ басшылығындағы үкіметтің келісімді бекіткенін жариялады.

Жапония, АҚШ, Австралия, Бруней, Канада, Чили, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Перу, Сингапур және Вьетнам тарапынан өткен ай қол қойылған Транс-Тынық Мұхит Ортақтығы келісімі Тынық Мұхитқа жағалауы бар 12 ел арасындағы сауда шектеуін жоюды және еркін сауданың жеңілдетілуін қамтиды.

Аталмыш елдердің жалпы ұлттық табыстары әлем экономикасының 40 пайызын құрайды.

Келісім 12 елдің бекітуінің артынан 60 күннің ішінде іске қосылады.



Ұқсас жаңалықтар