Иран тұңғыш отандық «турбо қозғалтқышты» автокөлігін өндірді

Ирандық лауазымдылар автокөліктің жанармайды үнемдегенін және қоршаған ортаға ыңғайлы екенін атап айтты.

428441
Иран тұңғыш отандық «турбо қозғалтқышты» автокөлігін өндірді

Лауазымдылар өздері жетілдірген автокөліктің 155 ат күшінде екені және 10 секунттың ішінде сағатына 100 шақырым жылдамдыққа ұласқанын мәлімдеді.

Автокөліктің турбо қозғалтқышына ие екеніне қарамастан 100 шақырымда 7,3 литр жанармай жаққанын атап көрсеткен ирандық лауазымдылар бұл автокөліктен алғашқы сатыда күніне 30 дана өндірілетінін және 1 жылдың ішінде өндірістің 2000 данаға жеткізілуін жоспарлайды.

Иранға қойылған санкциялардың көпшілігі жойылды. Иран елбасы Хасан Руханидің өткен күндері Францияға сапарында автокөлік саласында ынтымақтастық келісіміне қол қойылған еді.

Келісімге қарағанда бір француз автокөлік фирмасы мен Иран 2017 жылға дейін ортақ бір автокөлік өндіруге шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар