Түрік әуе жолдары мен «Boeing» фирмасы келісім жасады

Түрік Әуе жолдарымен «Boeing» фирмасы арасында ұзақ мерзімді жасалған ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

425961
Түрік әуе жолдары мен «Boeing» фирмасы келісім жасады

Сиэтлдағы «Boeing Customer Experience Centre»-да қол қойылған келісіммен Түркияның авиация және ғарыш саласындағы технологиялық қабілеттің арттырылуы және Boeing фирмасының Түркиядағы инвестициясын кеңейтуі нысанаға алынады.

Келісімді Түрік әуе жолдары директорлар және атқару кеңесі төрағасы Илкер Айжы мен «Boeing» Сауда ұшақтары директоры Рэй Коннер қол қойды.

Айжы рәсімде айтқан сөзінде Түрік әуе жолдарының флотын, өнімдерін және инвестициясымен ықпалды бір жолаушы санына ұласқанын атап, «Бүгін қол қойылған келісім және авиация өнеркәсібінің алдынғы қатарлы маркаларының бірі ретінде негізгі ортағымыз Boeing фирмасымен терең ынтымақтастығымыз одан әрі жетіледі. Түрік әуе жолдарының өсуін жалғастыру үшін замандас әдістер жетілдіруді жалғастырамыз» деді.

Коннер болса Түрік әуе жолдарымен ынтымақтастықтарының жетілуін мақтан тұтқандарын атап, «Boeing және Түрік әуе жолдары екі жақты мықты тұстарын толықтырады, жаңа және екі жақ үшін де пайдалы жұмыс мүмкіншіліктерін бірге анықтап, жетілдіреді» деді.



Ұқсас жаңалықтар