Түркияның атақты іскері Мұстафа Коч қайтыс болды

Президент Режеп Тайып Ердоған Коч отбасына телефон шалып, көңіл айтты.

424572
Түркияның атақты іскері Мұстафа Коч қайтыс болды

Президент Режеп Тайып Ердоған Коч отбасына телефон шалып, көңіл айтты.

Бүкіләлемдік экономикалық форум үшін Давоста жүрген премьер-министр Ахмет Давутоғлу да Коч отбасына телефон шалып, көңіл айтты. «Еліміз және бизнес әлемі үшін орны толмас қаза» деді ол.

1960 жылы Анкарада туылған Мұстафа Коч әулетінің үшінші буын мүшесі және іскерРахми Кочтың үлкен ұлы болатын.

Шетелде білім алған Мұстафа Коч Тофаш компаниясында жұмыс істей бастады.

1992 жылы Коч Холдингке келіп, кезегімен төраға орынбасары, төраға, атқару комитеті мүшесі және атөару комитеті төраға орынбасары қызметтерін атқарды.

2003 жылдан бері Коч Холдинг атқару комитеті төрағасы міндетін атқарған Мұстафа Коч Түрік өнеркәсіпшілер және іскерлер қоғамының ақылдасу кеңесінің құрметті төрағасы және Сыртқы экономикалық қатынастар кеңесіне мүшесі болатын.

Коч сонымен бірге Финляндияның Стамбулдағы құрметті консулы еді.



Ұқсас жаңалықтар