ГазПромнан Түркия мәлімдемесі

ГазПром төрағасы Миллер Түркияға табиғи газды тоқтатқан жағдайда халықаралық абыройдан айырылатындарын айтты.

358543
ГазПромнан Түркия мәлімдемесі

Орыс энергия фирмасы ГазПромның төрағасы Алексей Миллер Түркияға табиғи газды тоқтатқан жағдайда, халықаралық абыройдан айырылатындарын атап, «мұндай жағдайға келмейміз деп үміттенемін» деді.
Миллер Түркияның Катармен алдынғы күні қол қойған табиғи газ келісімінің саяси бір қадам екенін алға тартты.
Түркияның Түрік ағымы жобасында келіссөздерді жалғастырғысы келген жағдайда, Ресеймен келіссөзді бастауына болатынын алға тартқан Миллер өздеріне қазірге дейін мұндай ұсыныстың келмегенін, сондықтан келіссөздерді тоқтатқандарын білдірді. ГазПром кеше Түрік ағымы келіссөздерінің тоқтатылғанын жариялаған болатын. Ресей Энергия министрі Александр Новак болса Ресейдің Түрік ағымы жобасының дайындық жұмыстарын уақытша тоқтатқанын мәлімдеген болатын.
Түрік ағымы жобасы табиғи газдың жаңа құбыр желілерімен Түркия арқылы Еуропаға тасымалдануын қамдайды. Осылайша Ресей Украинаны «by-pass» қылады.
Түрік ағымы жайлы тұңғыш пікірталас орыстардың газдағы 10.25 пайыздық жеңілдікті жобаны бекіту үшін алғы шарт ретінде ортаға қоюымен басталды.
Ресейдің жеңілдікті іске қоспай саудаға қоюы себепті жобада келісім жасала алмаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар