Еуроодақтан Түркияға босқындар үшін 3 миллиард евро жәрдем

Еуроодақ (ЕО) Түркиядағы сириялықтарға қолдау беру мақсатты 3 миллиард евролық қаржы бөлуге шешім қабылдады.

422173
Еуроодақтан Түркияға босқындар үшін 3 миллиард евро жәрдем

Еурокомиссия қаржы механизмінің 2016 жылы 1 қаңтар күнінен бастап іске қосылатыны білдірілді.
Еурокомиссия вице-президенті Франс Тиммерманс бұл ақшаның Түркиядағы сириялықтардың күнделікті қажеттіліктері мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларына көмектесетінін атап айтты.
Еуроодақ және Түркияның босқын дағдарысымен күресте екі жақты ынтымақтастықты арттырудың маңызына назар аударған Тиммерманс Еуроодақ-Түркия ортақ жобасының босқын көшін тәртіпке салатынын атап айтты.
Берілетін 3 миллиард евролық қаржы көзінің 500 миллионы Еуроодақ бюджетінен, 2,5 миллион евросы болса Еуроодақ мүшесі елдердің қолдауымен қамтамасыз етіледі.
Түркиядағы сириялықтар үшін дайындалған бұл механизмге ең көп үлесті 534 миллион евромен Германия қосады. Ұлыбритания 409 миллион евро, Франция 386 миллион евро Италия 281 миллион евро және Испания болса 192 миллион евромен қолдау береді.
Басқа жағынан Брюссельде 29 қараша күні босқын күн тәртібімен Еуроодақ-Түркия саммиті өтеді.
Бағдарламаға премьер-министр Ахмет Давутоғлу және Еуроодаққа мүше елдердің басшылары қатысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар