Сауда министрлері Стамбулда

Үлкен 20-ға мүше елдердің Сауда министрлері Стамбулда бас қосты.

388290
Сауда министрлері Стамбулда

Дүние жүзіндегі ең дамыған 20 экономикасы қалыптастырған Үлкен 20-ға мүше елдердің Сауда министрлері кезекті төраға Түркияның бастамасымен Стамбулда бас қосты.


Әлем экономикасының 80 пайызына бағыт беріп отырған министрлер өркендеу сынды көптеген тақырыпты қолға алуда.


Түркияның Экономика министрі Нихат Зейбекчи осында сөйлеген сөзінде түрік экономикасының соңғы жылдардағы дамуын экономикадағы өсім мен жұмысқа орналастыру арқылы қамдағанын айтты.


«Мықты және жалғастырылатын өсім тек инвестиция, сауда және жұмысқа орналастыру арқылы қамдалады» деген министр жаһандық дағдарысқа да баға берді. Зейбекчи жаһандық саудадағы өсім жылдамдығының әлі дағдарыстан бұрынғы деңгейге жете алмағанын айтты.


Осы арада жиналыстан бұрын Сингапур мен Түркия арасында Еркін сауда келісімінде маңызды қадам басылды. Екі ел келіссөздің аяқталғанына байланысты мәтінге қол қойды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар