Бидай ұны экспортында Түркия бірінші орында

Экспортшылар арасында екінші кезекте Қазақстан бар.

385980
Бидай ұны экспортында Түркия бірінші орында

Дүниежүзілік бидай ұны саудасының 26,3 пайызы Түркиядан.


Халықаралық дақыл кеңесінің есебіне қарағанда 2015-2016 кезеңінде әлемдік бидай ұны саудасы 13,5 миллион тонна шамасында болды.


Бидай ұны жеткізушісі Түркия осы кезеңде жаһандық бидай ұны экспортында бірінші орынды иеленді.


Көптеген жылдан бері ұн экспортын ең көп жасаған ел жағдайындағы Түркияның ұн экспортын осы кезеңде 3 миллион 531 мың тоннадан 3 миллион 550 мың тоннаға шығаруы күтіледі.
Экспортшылар арасында екінші кезекте Қазақстан бар.


Қазақстанның осы кезеңде бидай ұны экспорты 2 миллион 400 мың тоннаға жетеді деп күтіліп отыр.


Дүние жүзінде бидай ұнын импорттап отырған ел болса Ирак.


Ирактың 1,5 миллион тонна бидай ұны алуы күтіліп отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар