Түркия көлемінде тұрғын үй сату артты

Сатылған үйлердің үштен бірі кредитпен алынды.

340273
Түркия көлемінде тұрғын үй сату артты

2015 жылдың шілде айында сатылған тұрғын үй саны шамамен - 97 мың.


Көрсеткіштер өткен жылдың осы айына қарағанда 13,5 пайыз артты.


Тұрғын үй саудасындағы арту тұтынушылардың «сенімді инвестиция» ізденісін көрсетеді.


Банк кредиттерінің төмен болуы да үй сатып алуды жеңілдетті.


Сатылған үйлердің үштен бірі кредит арқылы алынды.


Тұрғын үй саудасында бірінші орынды тағы Стамбул алды. Ірі қалада шілде айында 17 мың 182 үй сатылды.


Анкара 10 мың 722 тұрғын үй санымен екінші орында.


Анталия мен Стамбул әсіресе Таяу Шығыстан келіп, Түркияда қоныстануды жоспарлаған шетелдіктердің таңдаулысы болды.


Шілде айында шетелдіктерге 2 мың 27 үй сатылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар