Брюссельдегі кездесулерден әлі нәтиже шыққан жоқ

Қаржы министрлері бүгін қайтадан жиналады

318943
Брюссельдегі кездесулерден әлі нәтиже шыққан жоқ

Грекия мен Еуропа елдері арасындағы кездесулерден әлі оңды нәтиже шыққан жоқ.
Брюссельде өткізілген Евро аймағы қаржы министрлері жиналысы тараптар арасындағы кешегі кездесулер көзқарас ұқсамас салдарынан бүгінге қалды.
Грекия Премьер-министрі Алексис Ципрас қарыз дағдарысында келісімге бару үшін Брюссельде қатты талпыныстар жүргізуде.
Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қоры İMF-тің қарыз дағдарысын шешу үшін жасалған ұсыныстарын қабылдамаған Ципрас өзі ұсыныстарын мақұл көрмеген тұғырды сынға тартты.
Евро аймағы қаржы министрлері болса, мәселенің шешілуі үшін өткізілген жиналысты тез доғарды.
Министрлер бүгін қайтадан жиналады.
Тараптардың ең кеш 30 маусым күніне дейін келісулері керек.

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар