ТИКА-дан Ауғанстанға маңызды қызмет

ТИКА Кабулдың Карабах ауданында балалар саябағы мен спорт кешенін салды.

301109
ТИКА-дан Ауғанстанға маңызды қызмет

Түркия ынтымақтастық және координация басқармасы Ауғанстанда маңызды бір қызметке қолтаңба басты.


ТИКА елордасы Кабулдың Карабах ауданында балалар саябағы мен спорт кешенін салды. Осы кешеннің ашылу салтанатына ауған басшылар да қатысты. Ауған азаматтары Түркия мен ТИКА-ға алғыс жаудырды.


Карабах аудандық әкімі Абдулсами Шерифи «Осындай балалар саябағы біздің балалардың арманы болатын. Түркия осы арманды жүзеге асырды» деді.


Ауғанстан Олимпиада комитетінің төрағасы Фахим Хашими болса ауданда Түркия салған спорт кешенінің спорттың дамуына үлес қосатынын айтты.


Түркия 2004 жылдан бері Ауғанстанда ТИКА арқылы білім және медицина саласында инвестиция салуда.


ТИКА салған 86 мектепте 15 мың оқушы білім алуда. Ашылған 22 клиника мен 4 ауруханада болса қазірге дейін 5 миллион науқас тегін емделді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар