"Түркия қорғаныс өнеркәсібі нарығы емес"

Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшісі Исмаил Демир италияндық әріптесімен басқосты.

279203
"Түркия қорғаныс өнеркәсібі нарығы емес"

Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшісі Исмаил Демир Италиямен қорғаныс өнеркәсібі саласында жүргізілген келіссөздерде Түркияның енді «нарық емес екенін» түсіндіргендерін білдірді.
Исмаил Демир «Біз қайтарған нақты жауап ‘Түркияға тағы не сата аламыз?’ деп келмеңдер, біз осы тұғырда емеспіз. ‘Бірге не істеуге болады?’ дейтін болсаңыз мұны сөйлесейік. Бір-біріміздің жобаларына қалай қолдау бере аламыз мұны қолға алайық» деді.
Демир Түркия мен Италия арасында ортақ жобалар бар екенін, жер серігі, АТАК тікұшақтары жобаларының жасалғанын мұның алдында да бірге жұмыстанған жобалар болғанын атап көрсетті.
Демир «Бір-бірімен жұмыстануды үйренген екі мемлекетпіз. Одан әрі ұшақ, тікұшақ, кеме бағдарламаларында не істей алатынымыз тақырыбында Италия Қорғаныс министрлігі кеңесшісі Джоаккино Алфаномен әртүрлі егжей-тегжейді талқыладық. Фирмалардың басын қосып, егжей-тегжейлерді олар ұсынамыз және мүмкіндіктердің не болатынын олардың байқауын қамтамасыз етеміз» деді.
Италия Қорғаныс министрлігі кеңесшісі Джоаккино Алфано болса екі ел арасында жүріп жатқан өте жақсы ынтымақтастық бар екенін атап көрсетті.
Бұл ынтымақтастықтың ұзақ мерзімде қалыптасқанына назар аударған Алфано сол себепті екі ел арасындағы ынтымақтастық негізінің мықты екеніне назар аударды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар