Анкарада Түркия экономикасының соңғы жағдайы қолға алынды

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу басшылығында экономикалық көрініс жиналысы өтті.

258592
Анкарада Түркия экономикасының соңғы жағдайы қолға алынды

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу басшылығында экономикалық көрініс жиналысы өтті.
Премьер-министрліктегі жиналыста экономикалық көрсеткіштер, шетел валютасындағы тұрақсыздық және халықаралық саладағы жаңалықтардың Түркиядағы көрінісі қолға алынды.
Жиналыстың артынан жасалған жазбаша мәлімдемеде доллардың қымбаттауында сыртқы факторлардың септігіне назар аударылды. «Көрсеткіштер мықты, уайымдайтын нәрсе жоқ, қажетті әртүрлі шаралар қабылданды және қабылданады» делінді.
Мәлімдемеде Түркия экономикасының мықты екені және 2014 жылы қазан айында жарияланған орта мерзімді бағдарламаның негізгі тақырыбы болған инфляция мен ағымдағы есеп жетіспеушілігінің мұнай бағаларындағы әлсіреудің әсерімен болжамдардан болымды жүзеге асатыны атап көрсетілді.
АҚШ экономикасының болжалғаннан да жеңіл жақсару кезеңіне өткеніне, Еуроодақ мемлекеттерінде болса жандану процесінің әлі басталмағанына назар аударылған мәлімдемеде «Еуроодақ Орталық Банкінің жылдам бір қаржылай таралым шешімі қабылдауы АҚШ долларының қымбаттауына ықпал етіп, бұл жағдай барлық даму жолындағы мемлекеттерде болғандай елімізде де қаржы нарықтарында шайқалыстарға себеп болды» делінді.
Мәлімдемеде түрік банк жүйесінің осындай шоктарға шыдамды екені аталып, Орталық Банктің қажетті шаралар қабылдағанына назар аударылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар