Түрік компанияларын қуғындап отыр

Ливияда Тобрук үкіметі тосын шешім қабылдады.

229349
Түрік компанияларын қуғындап отыр

Ливиядағы Тобрук үкіметі елде жұмыстары жалғасып жатқан түрік компанияларын шығаруға шешім берді.


Абдуллах әс Сени басшылығындағы Тобрук үкіметі осы шешімін интернетте жариялады. Хабарда «Бейда қаласында кезектен тыс бас қосқан уақытша үкіметің түрік компанияларын Ливиядан шығару шешімін қабылдағаны» айтылды.


Хабарда айырықша шетелдік компаниялармен жасалған барлық жоба келісім-шарттарының қайтадан тексерілуіне шешім берілгені атап көрсетілген.


Сени өткен апта Түркияны «Ливияның ішкі істеріне араласуда» деп айыптап, Ливияда жұмыс істейтін түрік компанияларын елден қуамын деп құқай көрсеткен болатын.


Түркия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Танджу Билгич болса Түркияның Ливияның қайтадан көркеюі және мемлекеттік мекемелердің қарқынының жетілдірілуі үшін қолдау беріп отырғандарын айтқан еді.


Триполи үкіметі басқарып отырған Триполи, Мисарата, Бенгази және Бени Велид қалаларында сауда-экономикалық істерге ешбір шек келтірілмеді. Бірақ қақтығыстар салдарынан Ливиядағы түрік азаматтары эвакуацияланған болатын.


Тобрук үкіметіне қарасты қарулы күштер елдің шығысында кейбір қалаларды басқарып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар