Экономика министрі Нихат Зейбекчи Бакуде

Зейбекчи Әзірбайжанмен сауда көлемін 15 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алғандарын мәлімдеді.

212328
Экономика министрі Нихат Зейбекчи Бакуде

Экономика министрі Нихат Зейбекчи Әзірбайжанның астанасы Бакуде ресми байланыстарын жалғастыруда.
Зейбекчи байланыстарының алдында Әзірбайжанның марқұм президенті Гайдар Алиевтің мазары мен Шәйіттер хыябаны және түрік шәйіттігіне барды.
Зейбекчи кейін болса Әзірбайжан президенті Илхам Алиев тарапынан қабылданып, Экономика және өнеркәсіп министрі Шахин Мустафаевмен жеке кездесті.
Кездесулерде Түркия мен Әзірбайжан ынтымақтастығы және экономикалық салада ортақ басылатын қадамдар қарастырылды.
Зейбекчи Әзірбайжанмен 5 миллиард доллар болған сауда көлемін 15 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алғандарын атап айтты.
Мустафаев болса Түркиямен ынтымақтастыққа әрқашан ашық екендерін және бұдан кейін де екі жақты қарым-қатынастардың артып отыратынына сенгенін білдірді.
Байланыстарының артынан Әзірбайжан вице-премьері Абит Шериповпен кездескен Нихат Зейбекчи түрік іскерлерімен бас қосады.
Зейбекчи кешкі уақытта елге оралады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар