Үкімет туризм секторына қолдау береді

Бұл туралы үкіметтің шешімін премьер-министр Ахмет Давутоғлу жариялады.

209149
Үкімет туризм секторына қолдау береді

Түркияда үкімет туризм секторына қолдау береді.


Бұл туралы үкіметтің шешімін премьер-министр Ахмет Давутоғлу жариялады.


Түркияда туризм секторы «мұржасыз зауыт» деп аталады. Осы сала ел экономикасында маңызды орынға ие.


Премьер-министр Давутоғлу Әділет және даму партиясының мәжілістегі жиналысында биыл Ресей мен Ираннан келетін туристердің санының азаймауы үшін екі тақырыпта шара қолданатындарын білдірді.

Каппадокия


Премьер-министр: «алдымыздағы екі ай ішінде саяхат агенттіктерінің осы елдерден келетін әрбір жолаушысына 6 мың доллар көмек береміз. Бұл жағармай қолдауы деп аталады.

Рейстердің тоқтап қалуына қарсы шара қолданамыз. Осылайша саяхат агенттіктерінің жүгін жеңілдетеміз. Екіншіден аталмыш елдермен жұмыс істейтін тур операторларына мемлекеттен несие алу мүмкіндігін береміз» деді.


Премьер-министр Давутоғлу 12-13 миллион турист санын 50 миллионға жеткізуге тырысатындарын атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар