Әлем Экономикалық 45-ші форум басталды

Экономиканың жүрегі төрт күн бойы Давоста соғады.

193015
Әлем Экономикалық 45-ші форум басталды

Әлем Экономикалық 45-ші форум басталды.


Экономиканың жүрегі төрт күн бойы Давоста соғады.


Әлем экономикалық форумы әлем саясат және экономикасының алдыңғы қатарлы тұлғаларының қатысуымен Швейцарияның Давос қалашығында басталды.


Сенбі күні аяқталатын форумға Түркия 6 жыл үзілістен кейін алғаш рет премьер-министр деңгейінде қатысып отыр.

Форумға 140-там астам елден 2500-ден астам қатысушы келді. Олар әлем экономикасының негізгі проблемаларын талқыға салады. 

280-нен астам отырыста қатысушылар жаһандық проблемалар және шешімдеріне қатысты пікірлерін айтады.


Қатысушылар арасында 40-тан астам елдің мемлекет және үкімет басшылары, діни басшылар, қоғамдық ұйым өкілдері мен іскерлер бар.


Форумның негізгі тақырыптары болса өсім мен тұрақтылық, дағдарыстар мен ықпалдастық, қоғам мен қауіпсіздік, инновация мен өнеркәсіп.


Франциядағы лаңкестік салдарынан биыл Давостағы қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде.


Алты жыл үзілістен кейін алғаш рет қатысып отырған Түркияның премьер-министрі Давутоғлу да арнайы отырыста сөз сөйлейді.


Давутоғлу айырықша араб елдерінің өкілдерімен бас қосады. Премьер-министр сонымен бірге көптеген елдердің басшыларымен екі жақты кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. Айырықша Биржа Стамбул және Түркия Палаталар және биржалар одағының іс-шарасына қатысады.


Премьер-министр Ахмет Давутоғлу жұма күні Цюрихте Швейцарияда өмір сүретін түрік азаматтарымен бас қосады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар