Қырғызстан табиғи газға қауышты

Өзбекстан Қырғызстанның Ош қаласына табиғи газ жолдады.

169986
Қырғызстан табиғи газға қауышты

Қырғызстанда жаңа жыл экономикалық қуанышпен келді.


Қырғызгаз Ресейдің энергия дәуі Газпромға сатылғаннан кейін Қырғызстанның оңтүстігіндегі табиғи газ қажетін қамдайтын Өзбекстан осы өңірге табиғи газ тасымалын тоқтатқан болатын.


Мөлшермен тоғыз айдан бері табиғи газдан мақұрым қалған Қырғызстанның оңтүстік қаласы Ош жаңа жылдың алдында табиғи газға қайтадан қол жеткізді.


Газпромның Өзбекстанмен өткізген кездесулерінен өнім шықты.


Өзбекстан келісімге сай 30 желтоқсан күні Қырғызстанға табиғи газ құбырларын ашты.


Осылайша Қырғызстанның екінші ірі қаласы Оштағы табиғи газ қиыншылығы шешімін тапты.

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар