Ресей экономикалық дағдарыста

Ресей премьер-министрі Медведев Ресейдің дағдарысқа кіргенін мойындады.

158594
Ресей экономикалық дағдарыста

Медведев экономикалық дағдарыс болып жатқанын мойындады.


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев соңғы кездерде мұнай мен табиғи газ бағасының арзандауы себепті ауыр қиыншылықта қалған Ресей экономикасына байланысты мәлімдеме жасады.


Орыс хабар агенттігі Риа Новости-ге сұхбат берген Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев елінің ауыр экономикалық дағдарысқа беталғанын тұңғыш рет мойындады.


Медведев өткен апта жариялаған мәлімдемесінде елінің Батыс елдерінің эмбарголары себепті ауыр қиыншылықта қалмайтынын айтқан еді.


Медведев Ресейдің әсіресе азық-түлік өнімдерінде ел ішіндегі өндірісті арттырғанын білдірген болатын.


Америка Құрама Штаттарын қамтыған батыстық елдер Украина дағдарысынан кейін Ресейге экономикалық эмбарголар жасап жатыр.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар