Үлкен-20 басшылары бас қосады

Австралияның Брисбен қаласында өтетін саммитте Түркия кезекті төрағалық міндетті қабылдап алады.

187872
Үлкен-20 басшылары бас қосады

Әлем басшылары 15 қараша күні Үлкен-20 басшылар саммитінде бас қосады.


Австралияның Брисбен қаласында өтетін саммитте Түркия кезекті төрағалық міндетті қабылдап алады.


Осында әлем лидерлерімен бас қосатын премьер-министр Ахмет Давутоғлу кезекті төраға ретінде Түркияның жаһандық экономика әкімшілігіне қосатын үлесін түсіндіреді.


Екі жақты кездесулер де өткізетін басшылар саммитте экономикалық өсімге қолдау көрсете отырып, көптеген ел шешуге тырысқан жұмысқа орналастыру проблемасы мен жаһандық экономиканың дағдарыстарға төзімділігін арттыру сынды тақырыптарды талқылайды.


Саммит өтетін қаланың түкпір-түкпіріне байрақ пен жар қағаздар ілінді.


Әсіресе АҚШ президенті Барак Обама, президент Режеп Тайып Ердоған және Германия канцлері Ангела Меркельдің суреттері орын алған жар қағаздар назар аударады.


Үлкен-20 саммитінің алғашқысы 2008 жылы жаһандық дағдарысқа наразылық ретінде өткен болатын. Ресей, Қытай, Франция, Индонезия, Оңтүстік Африка Республикасы мен Үндістан сынды 19 ел мен Еуроодақтан тұратын Үлкен-20-ның басшылар саммиті бүгінге дейін 8 мәрте бас қосты.


Түркияның кезекті төраға болуына орай, әрі Үлкен-20 Қаржы министрлері және Орталық банк басшылары жиналысы, әрі Үлкен-20 басшылар саммиті алдымыздағы жылы Түркияда өтетін болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар