ТИКА есебін жариялады

Жобалардың 33 пайызы Африка құрлығында іске асты.

184772
ТИКА есебін жариялады

Түрік ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА 2013 жылдың іс есебін жариялады.


Есепке қарағанда, ең көп жоба Африкада жүзеге асырылды, көмектің көбі де медицина саласында жүргізілді.


Дүние жүзінің түкпір-түкпіріне Түркияның көмектерін жеткізген, жобаларымен экономикалық өсімге үлес қосқан ТИКА өз есебін жариялады.


ТИКА арқылы көмек жеткізілген елдер қатарында Палестина, Тунис, Сомали, Ауғанстан, Пәкістан, Босния-Герцоговина және Черногория бар.


Осы елдерге жасалған көмектің көбі медицина саласында.


2013 жылы жүргізілген жобалардың негізгі бағыты болса азаматтық ұйымдар, білім беру, мәдени ынтымақтастық және реставрация болып келеді.


Жобалардың 33 пайызы Африка құрлығында іске асты.


Африкадан кейін Оңтүстік және Орталық Азия, Таяу Шығыс, Балқан және Шығыс Еуропа келеді.


ТИКА басшысы Сердар Чам аталмыш жобалардың маңыздылығына тоқталды.


Палестинада басталған Ерік-жігер жобасы соғыстан зардап шеккен мүгедек азаматтарға үміт болды. Йемендегі Түрік кәсіптік білім институты болса елде жұмыссыздықтың азаюына үлес қосты.


Босния-Герцоговинадағы Егіншілік жобасы мен Шри-Ланкада құрылысы басталған Түркия-Шри-Ланка достық ауылы да өте маңызды.


ТИКА енді жаңа аймақтарға жетуді жоспарлауда. Латын Америка, Мексика, Куба, Перу, Боливия және Бразилия осы елдердің бірнешеуі ғана.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар