Жаңа Әлем сауда орталығы ашылды

АҚШ-та 11 қыркүйек шабуылында құлаған егіз мұнаралардың орнына жаңа ғимарат салынды.

180653
Жаңа Әлем сауда орталығы ашылды

Нью-Йорктегі егіз мұнаралардың орнына салынған жаңа ғимарат есіктерін іскер әлеміне ашты.


Көпқабатты Әлем сауда орталығының ғимараттың 25 қабатын жалға алған медиа алпауыты Conde Nast, ғимаратқа орналасқан алғашқы фирма болды. Фирманың 170-тен астам қызметкері жаңа офистеріне жайғасты.
Құрылыс жұмысы 8 жылға жалғасқан көпқабатты ғимарат 541 метр биіктігімен АҚШ-тың ең биік ғимараты болып табылады.
Жұмыс күші егіз мұнараларға қарағанда 3 есе көп болған ғимаратта 60 мың адам жұмыс істей алады.
3 миллиард 900 миллион доллар қаржы жұмсалған ғимараттың 60 пайызы жалға берілді.
Құрылысында болатпен күшейтілген бетон қолданылған орталық Америка Құрама Штаттарының қауіпсіз ең жоғары деңгейлі ғимараты болып табылады.
2001 жылы 11 қыркүйек күні егіз мұнараларға бағытталған шабуылда 2 мың 700-ден астам адам қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар