Ресей-Түркия экономикасы нығайып келеді

Ресей мен Түркия сауданы 100 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алды.

173533
Ресей-Түркия экономикасы нығайып келеді

Ресейдің Риа Новости газеті «Түркия мен Ресейдің сауда мөлшері артады» деген тақырыптағы хабарында Ресей мен Түркия арасындағы саудаға тоқталды.


Түркияның Мәскеудегі өкілетті елшісі Үміт Ярдым «Россия Сегодня» агенттігінде ұйымдастырған баспасөз мәслихатында түрік лауазымдылардың Ресей мен Түркия арасындағы өзара сауданы 100 миллиард долларға жеткізу нысанасына жететініне сенетінін білдірді.
Үміт Ярдым «Ресей мен Түркия арасындағы сауданы 100 миллиард долларға жеткізу нысанаға алынды. Екі тарап та осы нысанаға жетуді көздеп отыр. Қысқа уақытта екі миллиард доллардан 32 миллиард долларға жеттік. Бұл екі елдің жасырын күшін көрсетеді. Екі ел өкілдері аталмыш көрсеткішке жетудің мүмкін екеніне сенеміз» деп көрсетті.
Аталмыш нысанаға жету үшін қандай ерекше бағдарламалар бар екені сұрағына жауап берген елші Ярдым белгілі бір жоба ғана емес, ынтымақтастық барлық кәсіпорындарды қамтитын және біртіндеп ілгерлейтін дамуды негіз ету керектігін дәріптеді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар