АҚШ эмбарголарды көбейтті

АҚШ террористік ұйымдарға қарсы шектемелерді арттыруға бел байлады.

161832
АҚШ эмбарголарды көбейтті

Америка Құрама Штаттары Ирак Дамаск Ислам мемлекетіне қарсы эмбарго жасауға дайындалуда.


Америка Құрама Штаттарының Қазына және Сыртқы істер министрліктері Ирак Дамаск Ислам мемлекеті, Нусра шебі және Сирия режиміне бағытталған эмбарголарды көбейту үшін 20 елдің өкілдері қатысқан ортақ жиналыс ұйымдастырды.
Америка Құрама Штаттарының Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде жиналыста Ирак Дамаск Ислам мемлекеті, Нусра шебі және Сирия режимінің қаржы жағынан шетке қағылуына байланысты мүмкіндіктер талқыланғаны білдірілді.
Мәлімдемеде АҚШ Президенті Барак Обаманың Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесіндегі сөзіне сілтеме беріліп, Америка Құрама Штаттары Ирак Дамаск Ислам мемлекетін жоюға бел байлағаны атап өтілді.
Жиналыстың Ирак Дамаск Ислам мемлекетін жою және Сириядағы қақтығыстарды аяқтату тұрғысынан маңызды бір қадам екені атап білдірілді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар