Бөлшек сауда туралы заң жобасы
13 баптан тұратын заң жобасы парламентке жіберілді
Түркияда шамамен 182 миллиард долларлық кіріске ие бөлшек сауда саласына жаңа өзгерістер енгізілетін болады.
Кеден мен Сауда министрлігі тарапынан әзірленген 13 баптан тұратын бөлшек сауда туралы заң жобасы Түркия парламентіне жіберілді.
Көптеген өзгерістер енгізілген заң жобасы тұтынушыларды қорғауды мақсат етіп отыр.
Заң жобасында Сауда орталықтары туралы да баптар орын алған. Сауда орталықтарында жедел жәрдем қызметі беретін орындар, ғибадат жерлері, бөбек бағылатын бөлім мен балалардың ойын алаңдары құрылатын болады.
Осы заң жобасы арқылы аталмыш секторды жандандырумен қатар бюрократиялық қағазбастылықты да азайту көзделіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Стамбулда Түркия-Венгрия Fintech (қаржылық технологиялар) ынтымақтастығы
Венгрия Fintech қауымдастығының төрағасы Золтан Акс Түркияның үлкен нарық екенін айтты.
Түркия жаңа мұнай кен орындары үшін жұмыстарын жалғастыруда
Түрік мұнай акционерлік қоғамы Эгей теңізіндегі 9 кен орнында мұнай іздейді.