Ауыл шаруашылық қауымдастығы төрағасы Йеткиннің мәлімдемесі

Йеткин Еуроодақтың Ресейге санкциялар мәселесіне орай үндеуі туралы пікірін білдірді

96032
Ауыл шаруашылық қауымдастығы төрағасы Йеткиннің мәлімдемесі

Түркия ауыл шаруашылық қауымдастығы төрағасы Ибрахим Йеткин Еуроодақтан одаққа мүше болуға үміткер елдерге жасалған Ресей мәселесіне орай үндеуі туралы пікірлерін білдірді.
Йеткин Еуроодақтың одаққа мүше болуға үміткер елдердің Ресейге жасалып отырған санкциялардан туған экономикалық мүмкіншіліктерді қолданбауға шақыруын қабылдауға болатын үндеу емес деді.
Еуроодақтың Түркиямен қарым-қатынасында үнемі шеттетуші саясат ұстанғанына назар аударған Йеткин «Еуроодақ еліміз өз мүддесіне сәйкес келетін іс-әрекеттер жасай бастаған кезде дереу Еуроодаққа мүше болуға үміткер екенін еске салады»-деді.
Йеткин Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі болмастан жүргізілген ешқандай санкцияны қолдауға мәжбүр емес екеніне де назар аударды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар