Түркияның жылдық экспорты 156 миллиард 319 миллион доллар

Шілде айындағы экспорт көрсеткіші - 12 миллиард 539 миллион доллар

76329
Түркияның жылдық экспорты 156 миллиард 319 миллион доллар

Түркия Экспорттаушылар мәжілісі шілде айының көрсеткішін мәлімдеді.
Шілде айындағы Түркия экспортында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өзгеріс болмаған. Экспорт көрсеткіші 12 миллиард 539 миллион доллар.
Соңғы 12 айлық экспорт болса 2,2 пайыз артып 156 миллиард 319 миллион долларға шыққан.
Түркия Экспорттаушылар мәжілісі төрағасы Мехмет Бүйүкэкчи 2014-жылдың шілде айындағы экспорт көрсеткіштері туралы баспасөз мәлімдемесі жасады.
Мәлімдемеде Ораза айт демалысының шілде айына тура келуіне байланысты 3 жұмыс күнінің саналмағанына назар аударылды.
Жылдың алғашқы 7 айындағы экспорт 5,7 артып, 92 миллиард 711 миллион долларға, соңғы 12 айлық экспорты болса 2,2 пайыз артып 156 миллиард 319 миллион долларға шыққан.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар