Мұнай саудасында электронды бақылау кезеңі басталады

Мұнай мен өнімдерінің өндірісінде әр саты бақылауға алынады

73747
Мұнай саудасында электронды бақылау кезеңі басталады

Қаржы министрлігі 2015 жылы басынан бастап, мұнай мен мұнай өнімдеріне қатысты қозғалыстарды үздіксіз бақылауға алады.
Қаржы министрі Мехмет Шимшек «Мұнай мен мұнай өнімдерінің өндірісі немесе импортынан тұтынуына дейін өткен сатыларды енді электронды әдіспен бақылайтын боламыз» деді.
Шимшек аталмыш жүйемен салық кемшілігі және заңсыздықтарды табыс кезеңі ішінде және әсерлі түрде анықтауды нысанаға алғандарын білдірді.
Жүйенің Түркияда мәселесіз және мықты түрде жүзеге асуы үшін әлемдегі үлгілерінің де үздіксіз қадағаланғанын атап көрсеткен Шимшек Англия, Канада, Германия және Голландиядан бастап, OECD мүшесі мемлекеттердегі тәжірибелер мен замандас көзқарастарды да үздіксіз назарға алып отырғандарын да атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар