Раммасун дауылында 17 адам мерт болды

Қытайда Раммасун дауылының шығыны 4 миллиард 320 мың долларға жетті.

66065
Раммасун дауылында 17 адам мерт болды

Раммасун дауылының зардабы ауыр болды.
Қытайдың оңтүстік аймақтарына әсерін тигізген Раммасун дауылы себепті қаза тапқан адам саны 17-ге жетті.
Қытайда соңғы 40 жылда болған ең ауыр апат болған Раммасун дауылы Гуаңдоң уәлаяты, Гуаңши Жуаң автономиялық аймағы және Хайнан уәлаятындағы 5 миллион 570 мың адамға болымсыз әсерін тигізді.
Раммасун дауылы себеп болған тікелей экономикалық шығын 26 миллиард 550 миллион юань, мөлшермен 4 миллиард 320 мың долларға жеткені білдірілді.
Елдің оңтүстігіндегі үш уәлаятта 468 мың 500 гектар егістік алаң зақымдалғаны, 37 мың үйдің құлағаны жарияланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар