ТӘЖ компаниясы бас директоры Котилге марапат

Темел Котил- «Жыл CEO-сы» атағын иемденді

128985
ТӘЖ компаниясы бас директоры Котилге марапат

ТӘЖ компаниясының бас директоры Темел Котил Ұлыбританияның астанасы Лондонда өткен «2014 Әуе Жолдары стратегия марапаттауларында «Жыл CEO-сы» атағына лайық деп табылды.
Тарихи Middle Temple Hall-да өткен марапаттау мерәсімінде сөз сөйлеген Темел Котил бұл сыйлықты 40 000 ТӘЖ компаниясы қызметкерлері атына алғанын айта келіп, «Жолаушыларымыз болмаса бұл табысқа жете алмас едік. Биыл 60 миллион жолаушы тасымалдауды жоспарлап отырмыз. 10 жылда 350 миллион жолаушы тасымалдадық. Бәріне рахмет айтамын. Олар менің басшым, олар үшін жұмыс істеп жаырмын. Олардың арқасында ТӘЖ компаниясы осындай табыстарға жетіп отыр»-деді.
10 жыл ішінде компанияның 18 пайыз өскенін айтқан Темел Котил 2023 жылына дейін 120 миллион жолаушы тасымалдауды мақсат етіп отырғандарын білдірді.
«Жыл CEO-сы» сыйлығы басшыларға өткен бір жыл бойы стратегиялық жоспарлау, мықты команда құру сияқты салаларда жеткен табыстарына байланысты беріледі.
ТӘЖ компаниясы өткен жылы да «Әуе Жолдары стратегиясы» сыйлығына маркетинг саласында ие болған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар