Ресей мен Украина арасында 60 долларлық газ дағдарысы

Газпром Украинаның газ қарызын төлеуін талап етті

96541
Ресей мен Украина арасында 60 долларлық газ дағдарысы

Орыс энергия фирмасы Газпром Украинаның қарыздарын төлемегенін еске салып, бұдан былай осы елге бағытталған газ саудасының алдын ала төлеммен жүргізілетінін жариялады.
Мәскеу Украинаның барлық қарызының 3 миллиард 400 миллион доллар екенін атап, мұның 2 миллиард долларлық бөлігінің тез арада төленуін талап етті.
Газпромның табиғи газ бағаларында жасаған 80 пайыздық заңсыз баға көтерілуін бағаландырған Украина болса қарыздарды төлеуден бас тартады.
Өткен желтоқсан айында Украинаның орыс жақтаушысы прзезиденті Виктор Янукович міндетте кезде жасалған келдісім-шарт бойынша Украина табиғи газының мың текшеметрін 268 доллардан сатып ала бастаған болатын.
Януковичтің сәуір айында қақтығыстар нәтижесінде міндетін тастауының артынан Мәскеу осы бағаны 485 долларға көтерді.
Украина әкімшілігі қарыздарын төлеу үшін бағаның мың текше метр үшін 326 долларға азайтылуын талап етсе, Ресей президенті Владимир Путин соңғы баға ұсынысының 385 доллар екенін мәлімдеді.
Мәскеудің 2 миллиард долларлық қарызды төлеу үшін Киевке берген мерзімнің аяқталуының артынан назарлар Брюссельге ауды.
Еуропа Одағы келесі қыс маусымында газ тасымалдауын үздіксіз қамтамасыз ететін бір келісім жайлы жұмыстанып жатқанда, Украинадағы оқиғалар мұның онша жеңіл болмайтынын көрсетті.
Орыс танктерінің Украинаға кіруіне Вашингтон наразылық көрсетіп жатқанда, бұл елге шекарасы бар Еуропа Одағының үнсіз қалуы назар аударды.
Бұл да Киев пен Мәскеу арасындағы табиғи газ дағдарысының аймақтық бір әсерге себеп болатынын ортаға қояды.
Ресейдің 2006-2009 жылдарда Украинаға газ тасымалдануын тоқтатуы Еуропада энергия дағдарысына себеп болған еді.
Еуропа табиғи газ қажеттілігінің бестен бір бөлігін Ресейден қамтамасыз етеді және мұның дәл жартысы Украина арқылы тасымалданады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар