Измирде халықаралық су өнімдері жәрмеңкесі ашылды

Еуропада Түркияда өсірілген балықтарға сұраныс көп

84604
Измирде халықаралық су өнімдері жәрмеңкесі ашылды

Түркия балық өндіруде Норвегиядан кейін Еуропада екінші орынға шықты.
Измирде ашылған су өнімдері жәрмеңкесінде осы сектордың мүмкіншілігі көрсетілді.
Балық өсіретін шауашылықтардың саны 2250-ге, ал өнім өндіру болса 233 мың тоннаға жетті.
Балық шаруашылықтарында өнім өндіру 10 жыл ішінде 6 есе өсті. Еуропада дастарханға қойылған әр 4 балықтың бірі Түркиядан барады.
Шаруашылықтар қарқынды түрде дами бастады. Түркия әлемде су өнімдерін өндіру жылдамдығында үшінші орында. Шаруашылықта форель өндіруде Еуропада бірінші орында. Еуропаның су өнімдері өндірісінде екінші орында.
Түркия 2014-жылы су өнімдері экспортынан 2 миллиард 300 миллион доллар кіріс күтіп отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар