Щвейцарияда ең төмен жалақы туралы референдум

Халықтың 76,3 пайызы ең төмен жалақының 9400 лира болуына қарсы

69606
Щвейцарияда ең төмен жалақы туралы референдум


Щвейцария халқы ең төмен жалақы болып табылатын 10 мың лиралық ұсынысқа қарсы шықты. Щвейцарияда өткен референдумда халық төменгі жалақының 4000 Щвейцария франкі, яғни 9 мың 400 лира болуына қарсы шықты.
Дауыс берген щвейцариялықтардың 76,3 пайызы қарсы шыққан ұсыныс көпшілігі әйелдерден тұратын 300 мың жұмысшы үшін маңызды мәселелердің бірі.
Щвейцария заңдарында ең төмен жалақы туралы бір бап жоқ. Ұсынысты қолдаушылар өмір сүру шарттарының қымбат екенін, сондықтан мұның керекті шешім екенін білдірсе, ұсынысқа қарсы шыққандар өндіріс шығындарының артатынын, жастардың жұмыс табуының қиындайтынын және жұмыссыздықтың көбейетінін айтып отыр.
Референдумда Щвециядан Грипен соғыс ұшағын сатып алу және педофилия мәселесі де дауысқа салынды. Халықтың көпшілігі соғыс ұшағын алуға қарсы дауыс берді, ал педофилдердің өмір бойы балалармен жұмыс істеуіне тиым салынуына қолдау көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар