Ошақ пен пешті тиімді қолдану

Үйімізде қолданылатын үнемдеу шаралары да қоршаған орта және экономика тұрғысынан өте маңызды екенін ұмытпайық.

335820
Ошақ пен пешті тиімді қолдану

Ошақ пен пеш қолдану барысында үнемдеу әдістерін қолданып, энергия тұтынуды азайтуға болады. Осылайша экономика мен қоршаған ортаның қорғалуына үлес қосуға болады.
Алдымен ошақ немесе пеш сатып аларда энергия тиімділігі жоғары А сыныбындағы өнімдерін таңдауымыз керек. Энергия тиімділігі жоғары бір өнім басқа өнімдерге қарағанда энергияны аз жұмсайды.
Ошақ егер электр қуатымен жұмыс істейтін болса да, тамақ пісіру үшін пештің орнына ошақты таңдау керек. Пеш газ және электрмен жұмыс істейтін ошақтардан көп энергия жұмсайды.
Тамақ пісірген кезде ысыраптан қашқақтау үшін ірілігі мен пішіні ыңғайлы кострюль қолдану қажет. Табаны қалың немесе үлкен кострюль қолдану ысырапқа себеп болады. Айырықша қысыммен пісіретін кострюльдер қолдану керек.
Қатырылған тағамдарды пісірместен бұрын сыртта еріту керек. Әйтпесе пісіру үшін жұмсалған энергия 3-4 есе көп болады.
Пісірген кезде кострюльдің қақпағы жабық болуы керек. Сол секілді пештің қақпағын ашу да энергияны шамамен жиырма пайыз көп жұмсайды.
Сондықтан пештің қақпағын тамақ піскеннен дейін ашпау керек. Пеште бір сәтте бірден көп тамақ пісіру де энергияны үнемдейді.
Үйімізде қолданылатын үнемдеу шаралары да қоршаған орта және экономика тұрғысынан өте маңызды екенін ұмытпайық.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар