Жаңа үйге көшу барысында үнем

Жаңа үйге көшетін кезде назар аудару керек кейбір шаралар тиімді тұрмыс құруымызға көмектеседі.

334085
Жаңа үйге көшу барысында үнем

Қоршаған орта мен экономика үшін тұрмыстың барлық саласында ысыраптан қашқақтау керек, барлық ресурсты тиімді қолдануға тырысу керек. Жаңа үйге көшетін кезде де назар аудару керек кейбір шаралар тиімді тұрмыс құруымызға көмектеседі.
Осы салада басылатын қадамдар сатып алынатын немесе жалдайтын үйді таңдаған кезде басталады. Үй таңдаған кезде ғимараттың жасы, бағыты мен изоляция сапасы сынды ерекшеліктер назарға алынуы керек. Изоляциясы жақсы жасалған бір ғимаратта жылыну мен салқындау үшін жұмсалатын энергия мөлшері едәуір төмен болады. Есік пен терезелердің қос шынылы болуы да маңызды. Жаңа үйдің осы ерекшеліктеріне назар аудару керек.
Үйдің жұмыс орнына, мектеп пен басқа да осындай барып келетін жерге жақын болуы қатынас қаражатын азайтады.
Жаңадан алынатын жиһаздарда энергия тиімділігі жоғары болғандарын таңдау керек. Мысалы үйді жарықтандыруда компакт люминесценттік шам немесе лед шамдар қолдану энергия жұмсауды жетпіс пайыз азайтады. Осындай өнімдерді сатып алатын кезде қымбат секілді көрінсе де, үнемдегені құнын өтейді.
Көшетін кезде қолданылмайтын ескі бұйымдарды жағдайы төмен адамдарға беру керек. Көшу барысында үйден шыққан қалдықтардың арасындағы шыны, пластмасса және қағаздар қайта өңдеу орталықтарына жеткізілуі керек. Сол секілді бояу, кір жуатын ұнтақ, батарея сынды зиянды қалдықтар да осындай орталықтарға тасталуы керек.
Жаңа үй үшін саудаға шықпай тұрып тізім жасалуы керек. Осылайша қажетсіз зат сатып алудың алды алынады. Көшетін кезде бір рет қолданылатын заттарды сатып алудың орнына таныстардан сұрап алған жақсы болады.
Бояу және осындай материал алатын кезде табиғатқа дос өнімдерді таңдау керек. Көшкен кезде бұйымдарды орау үшін қайта өңделетін материалдарды қолдану керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар